Halyq Uni логотип
×

Путин ҰҚШҰ елдері басшыларын Мәскеуге шақырды

Ұйымға 6 ел мүше

 Дәурен Ерболат 28.11.2024 | 16:25
Путин ҰҚШҰ елдері басшыларын Мәскеуге шақырды
Фото: Ақорда

Ресей президенті Владимир Путин ҰҚШҰ елдерінің басшыларын 2025 жылғы 9 мамырда Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға шақырды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Әріптестеріме алғыс айтқым келеді. Осы контексте Ұлы Отан соғысында Совет халқының жеңіске үлес қосқанын есте сақтау өте маңызды. Әрине, Ұлы Отан соғысының 80 жылдық мерейтойы барлық елде мемлекеттік жоғары деңгейде атап өтіледі. Сіздер осы салтанатты іс-шараға қатысу үшін Мәскеуге келуге мүмкіндік табасыздар деп үміттенемін. Салтанатты іс-шара 9 мамырда өтеді.

Сондай-ақ біз ҰҚШҰ елдерінен әскерилерді Ресей әскери күштерімен бірге Қызыл алаңдағы шеруге қатысуға шақырамыз, – деді Владимир Путин Астанадағы ҰҚШҰ-ға мүше елдердің басшыларының саммитінде.

Айта кетейік, жиынға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысып жатыр.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян саммитке келген жоқ. Ол Армения ҰҚШҰ құрамынан шығатынын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама