БҚО-да шөп өртеніп, мал қырылды
ТЖМ ескерту жасады
Батыс Қазақстан облысында 37 тонна шөп өртеніп, ірі қара мал қырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ ақпаратына сәйкес, бүгін түнде Ақжайық ауданы Алғабас ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінде жиналған шөп пен шаруашылық құрлысында өрт шыққан.
Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт толығымен 450 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрт салдарынан 14 ірі қара мал қырылды, – делінген хабарламада.
ТЖМ шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады.