Halyq Uni логотип
×

Қазақстан мен Ресей телекоммуникация саласындағы үкіметаралық келісімге қол қойды

Жаңа кодқа көші бірқатар қаржылық және технологиялық проблеманы туындатуы ықтимал еді

 Динара Амантай 28.11.2024 | 13:28
Қазақстан мен Ресей телекоммуникация саласындағы үкіметаралық келісімге қол қойды
Фото: ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Қазақстан мен Ресей 7-ші әлемдік нөмірлеу аймағын бірлесіп пайдалану туралы үкіметаралық келісімге қол қойды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қол жеткізілген келісімге сәйкес, диапазондарды бөлу келесідей анықталды:

  • Қазақстан Республикасы +7 0, +7 6, +7 7 кодтарын пайдаланады.
  • Ресей Федерациясына +7 2, +7 3, +7 4, +7 5, +7 9 кодтары бекітілді.

Бұл процесс тату көршілік және өзара құрмет қағидаттарына негізделген конструктивті диалогтың нәтижесі болды. Қазақстан мен Ресей бөлінген ресурстарды азаматтардың игілігі үшін тиімді және ашық пайдалану мақсатында тығыз ынтымақтастықты жалғастырады.

Айта кетсек, 2021 жылы Қазақстанға жеке код алу мақсатында халықаралық телефон коды +997 резервке қойылды.

Байланыс операторларымен жаңа кодқа көшу мәселесін талқылау барысында жаңа кодқа көшу мүмкін екені, бірақ бірқатар қаржылық және технологиялық проблема туындайтыны анықталды.

Сонымен қатар, отандық байланыс операторларының барлық абоненттері мемлекеттік және банктік қызметтерді, әлеуметтік желілер мен түрлі қосымшаларды алу үшін өз деректерін жаңартуы қажет болады. Осыған байланысты көшу кезеңінде ақаулар мен жағымсыз тәжірибенің ықтималдығы жоғары.

Осыған байланысты, азаматтардың ыңғайлылығы үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Халықаралық электр байланысы одағымен қайта келіссөздер жүргізіп, +7 халықаралық кодын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды, – делінген министрлік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама