Испекторлар 2,4 мың тексеру жүргізді
Әлеуметтік осал топтағы адамдардың құқығын бұзған мекемелерге 215,8 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанның барлық өңірлерінде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары 2 474 тексеру жүргізген. Оның 629-ы профилактикалық бақылау шеңберінде, 655-ы жоспардан тыс, 1 190-ы прокуратураның талабы бойынша іске асырылды.
Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 949 ұйғарым берілді, сондай-ақ жалпы сомасы 215,8 млн теңгеден астам айыппұл түрінде 961 әкімшілік жаза қолданылды, – делінген хабарламада.
Мемлекеттік бақылаумен:
Еске сала кетсек, 2023 жылғы 1 шілдеде Әлеуметтік кодекс күшіне енген кезден бастап, елімізде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының институты енгізілді. Олардың құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды іске асыру кіреді.