×

Ақмола облысындағы жолдар жөнделеді

Биыл 80-нен астам елдімекенде жұмыс жүргізіледі

 Дастан Жұмабекұлы 15.06.2022 | 17:02
фото: gov.kz

Биыл Ақмола облысында 80-нен астам елдімекендегі жолдар жөнделеді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне қарағанда, екі жылдан бері Ақмола облысында жалпы ұзындығы 2 мың шақырым жергілікті маңызы бар жолдар салынып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның 700 шақырымы ауылдық елдімекендердегі жолдар. 

Биыл Ақмола облысындағы 80-нен астам қала мен ауылдың жолдарына жөндеу жөнделеді, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Оның ішінде астананың маңындағы Қосшы қаласы мен Жібек жолы кенті, Қоянды, Қараөткел, Талапкер, 42-Разъезд, Жалтыркөл, Қаражар, Ы. Алтынсарин, Софиевка, Қызылжар, Тайтөбе, Волгодоновка, Бозайғыр, Ключи, Қызылсуат, Отаутүскен, Мәншүк ауылдары бар.

Сондай-ақ, өңірдегі «Жалтыр – Макинск», «Атбасар – Сочинское» және «Есіл – Свободное – Раздольное» автокөлік жолдарында үш көпір салу бойынша ірі жобалар қолға алынған. Бүгінгі күнге дейін көпірде 100 баған орнатылып, демонтаж жұмыстары істелінді.

Құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасы тапсырыс берушінің, арнайы техникалық қадағалау ұйымы мен «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК-ның тұрақты бақылауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама