Қазақстан безин мен дизельді ЕАЭО аумағынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салды
Құжат жобасы қоғам талқысына ұсынылды
Қазақстан 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап безин мен дизельді ЕАЭО аумағынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салды, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» Энергетика министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 359, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2024 жылғы 8 қазандағы № 855/қе-қа, Қаржы министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 680 және Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 747 бірлескен бұйрығына толықтыру енгізу туралы» бірлескен бұйрықтың жобасы дайындалды.
Бұйрықтың жобасы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап алты ай мерзімге Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін шығаруға тыйымды ұзартуды көздейді.
Бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» сайтында 10 желтоқсанға дейін қоғам талқысына ұсынылды.