Әдіс науқастың тезірек қалпына келуіне мүмкіндік береді
Алматыда нейрохирургтер OLIF (Oblique Lumbar Interbody Fusion) әдістемесі бойынша алғыш рет бірегей ота жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, операция Орталық қалалық клиникалық ауруханасында өтті. OLIF әдісі омыртқа ауруларын тез емдеуге мүмкіндік береді.
«Қиғаш бел денеаралық фиксация» (OLIF) дискісі омыртқаны тұрақтандыру үшін қолданылады: омыртқаның дегенеративті өзгерісі, омыртқааралық дискінің жарығы, спондилолистез, сколиоз және кифоз. Бұл әдіс отадан кейін науқастың тез қалпына келуіне жол ашады.
Операцияны еліміздің беделді нейрохирургтары Талғат Керімбаев пен Марат Алматов жасады.
OLIF әдісі бұлшықеттер мен байламдарды сақтай отырып, кішкене кесу арқылы операция жасауға мүмкіндік береді. Бұл қан жоғалтуды айтарлықтай азайтады, аурудың асқыну қаупін төмендетеді және отадан соң науқастың белсенді болуына мүмкіндік береді, - деді Талғат Керімбаев.
Дәрігер жасаған операциясының ерекшелігін түсіндірді.
Мысалы, біз L4-L5 деңгейінде бел тұрақсыздығы бар пациенттерде омыртқааралық дискіні ауыстыру үшін ота жасадық. Орнатылған имплантаттар омыртқаны тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Мұндай әдіс науқастарға үйреншікті өмірге тезірек оралуға көмектеседі, - деді нейрохирург.