Астанада лифтінің ішіне қамалып қалған балалар құтқарылды
Лифті жұмыс істемей қалған
![Астанада лифтінің ішіне қамалып қалған балалар құтқарылды](https://halyq-uni.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/11/27/67469c369744e682799980.jpg)
Скрин видео
Елордада мамандар лифтінің ішіне қамалып қалған балаларды құтқарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ мәліметінше, оқыс оқиға Есіл ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. 3-4 қабаттың аралығында екі бала лифтінің ішіне қамалып қалған.
Құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен лифтінің есігін ашып, 2014 және 2015 жылы туған балаларды құтқарды. Оларға медициналық көмекке қажет болмады.