Halyq Uni логотип
×

Алаяқтарға алданған қарт әйел прокуратура алдында өз-өзіне қол жұмсады

Алматы полициясы жәбірленушінің өздеріне қатысты уәжін жоққа шығарды

 Халық үні 26.11.2024 | 22:00
Алаяқтарға алданған қарт әйел прокуратура алдында өз-өзіне қол жұмсады
фото: Halyq Uni

Алматыда егде жастағы әйел прокуратура ғимаратының алдында қолының тамырын кесіп жіберді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Айтуынша, оны белгісіз біреулер алдап, пәтерінен айырған. Ал полиция істі жауып, күдіктіні босатып жіберген.

Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі әйелдің сөзін жоққа шығарып отыр. Ведомствоның мәліметінше, қазір қалалық ПД тергеу басқармасы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқан көрінеді.

Күдіктіні ұстау шаралары қабылданып жатыр. Сонымен қатар, қазір жәбірленушінің дәлелдері тексеріліп жатқанын хабарлаймыз, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама