Тиісті мәлімет ғылым министрлігіне берілді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Жаслан Мәдиев eGov mobile қосымшасынан бірыңғай уақыт белдеуі туралы сауалнама неге алынып тасталғанын түсіндірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Үкіметтің баспасөз орталығында министрге «Өткен аптада eGov mobile қосымшасында уақыт белдеуіне қатысты сауалнама жарияланды. Бірақ 1-3 күннен соң сауалнама алынып тасталды. Бұл сауалнаманы (eGov mobile қосымшасына) кім орналастырды? Ол неге алынып тасталды?» деген сұрақ қойылды.
Жаслан Мәдиев сауалнама Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша орналастырылғанын жеткізілді.
Министрлік бірыңғай уақыт белдеуі күнделікті өмірге қалай әсер етіп жатқанын анықтағысы келді. Сондықтан олар сауалнамаға 200 мың адам қатысады деп жоспарлады. Олар оның қорытындысын талдауға дайын. Сондықтан респонденттердің саны 200 мыңға жеткесін сауалнама аяқталды. Тиісті мәлімет сауалнама Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілді. Олардан тиісті мәліметті ала аласыз, - деді ведомство басшысы.
Министр сауалнама зерттеу мақсатында жүргізілгенін атап өтті.
Бұл – зерттеу, дауыс беру емес. Тиісті уақыт аралығында сауалнама жүргізілді, зерттеуге қажет ақпарат алынды, - деді Жаслан Мәдиев.
Бұған дейін Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі өзгермейтіні хабарланған еді.
Сондай-ақ уақыт белдеуінің өзгеруі қазақстандықтардың денсаулығына қалай әсер еткенін анықтау үшін зерттеу жүргізілетіні белгілі болған.