Балалық шағымыздың сүйікті кейіпкері Қожа енді жаңа форматта оралады
Қазақ киносының классикасына айналған фильм заман талабына сай қайта түсіріліп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Мәдениет және ақпарат министрлігі кинотуынды туралы келесідей ақпарат берді:
«Менің атым Қожа» – балалық шақтың естелігі ғана емес, сонымен қатар қазақ мәдениетінің құнды мұрасы. Бердібек Соқпақбаевтың классикалық туындысы жаңа буынмен қайта қауышуға дайын.