Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдіктердің санаты өзгереді

Құжат қоғамдық талқыға ұсынылды

 Динара Амантай 26.11.2024 | 17:10
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдіктердің санаты өзгереді
Фото: Halyq Uni

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Жергілікті атқарушы органдардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесіне» өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Түзетулер шетелдік қатысудың үлесі жүз пайыз болатын заңды тұлғаларды құрушы шетелдік инвесторларды қоса алғандағы тұлғалар санатын нақтылауға бағытталған. Өзгерістерге сәйкес, мұндай заңды тұлғалардың бірінші басшысы мен оның орынбасары еңбек қызметін жергілікті атқарушы органдардан рұқсат алмай іске асыра алады.

Құжат 2024 жылғы 10 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама