Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Алматыда автобуста әйелді ұрған 66 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, оқиға жолаушылар арасындағы дау-дамайдан басталған. Әйелдің қатты сөйлегеніне наразылық білдірген ер адам оған дене жарақатын салған.
Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген хабарламада.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.