Ол жасаған ісіне өкінеді
Шығыс Қазақстан облысында балабақшадан 9 млн теңге ұрлаған бухгалтер 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
33 жастағы риддерлік қаладағы балабақшада бухгалтер болып жұмыс істеген. Ол құжатта бюджет қаражатын үнемделгенін көрсетіп, артық ақшаны өзінің банк шотына аударған. Осылайша, ол бір жылда балабақшаға шамамен 9 млн теңге шығын келтірген.
Сот оны кінәлі деп тауып, 5 жылға бас бостандығынан әрі өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды. Бірақ судья әйелдің жүкті екенін ескеріп, оның жазасын өтеуді кейінге қалдырылды. Алайда бухгалтер бірнеше заң талабын сақтамаған. Ол пробация қызметіне ескертпей тұрғылықты жерін ауыстырған және тіркелуге келмеген. Сондай-ақ әйел балабақшаға келтірген қомақты шығынды да өтеу жағын қарастырмаған.
Сондықтан бостандығын шектеу жазасы 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Мен пробация қызметінің есебінде тұрып өз қатемді түсінбедім. Менің 3 балам бар, кенжесі 1,5 жаста. Оның сөйлеп жүре бастағанын көре алмайтыныма өкінемін. Мен балаларымды қатты сағындым, – деді бухгалтер.
Арнайы бөлім басшысы Светлана Голикова сотталған әйел Абай облысындағы колонияда жазасын өтейтінін айтты.
Онымен сөйлестік. Карантин аяқталғаннан кейін ол тігін цехында жұмыс істейді. Жалақысының бір бөлігі шығынды жабуға жұмсалады, – деді ол.