Halyq Uni логотип
×

Қымбатшылық қысқан қазақстандықтар арзан тамақтан ауруға шалдығып жатыр

Көбінде жүрек, қатерлі ісік, диабет, созылмалы аурулары бар

 Еркеғали Болатұлы 15.06.2022 | 15:55
Қымбатшылық қысқан қазақстандықтар арзан тамақтан ауруға шалдығып жатыр
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда азық-түлік бағасының күннен-күнге шарықтауы тұрғындардың артық салмақ жинауына әкеп жатыр. Өйткені пайдалы тағамдарды қалтасы көтере бермейтін жұрт арзан әрі зиянды өнімдерді көптеп пайдалануға көшкен.

«Денсаулық» қауымдастығы жүргізген зерттеу нәтижесінде елдегі 18-25 жас аралығындағы азаматтардың 22 пайызында, ал 50 жастан асқан адамдардың 62-64 пайызында артық салмақ бар екені анықталған. «Ауруастан» дегендей, қазір айлығы шайлығынан артылмайтын көпшілік құнары бар тамақ жеуден қалдық дейді.

Соңғы кезде азық-түлік бағасының аспандап бара жатқаны халықтың табысына ғана емес, денсаулығына да кері әсерін тигізіп жатқанын мамандар да растайды.

Зерттеу кезінде бізді әсіресе жастардың тамақтану мәселесі алаңдатты. Олар қазір денсаулықтарын күтіп жүрген жоқ. Не болса соны ішіп-жейді. Ондайлар болашақта жасына жетпей ауру табатындары анық қой, – дейді «Денсаулық» қауымдастығының басшысы Бақыт Түменова.

Зерттеу нәтижесінде еліміздегі 50-ден асқан азаматтардың көбінде жүрек, қатерлі ісік, диабет, созылмалы аурулары бар екені белгілі болған. Мамандар мұндай кеселдер негізінен дұрыс тамақтанбаудың кесірінен болатынын айтады.

«Сондықтан халықтың денсаулығын жақсарту үшін пайдалы азық-түліктің сапасын арттырып, бағасын қолжетімді етуге көңіл бөлуіміз керек», - дейді қауымдастық өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама