Жетісу облысында жер сілкінді
Ошағы Алматыдан 250 шақырым жерде орналасқан
ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен кеше Астана уақыты бойынша 23 сағат 42 минут 15 секундта Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жер сілкінісінің координаттары: 44.280 солтүстік ендік, 79.740 шығыс бойлық. Жер сілкінісінің ошағы Алматы солтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Есептік қарқындылық (балмен):
- Алматы – 2 балл;
- Жаркент қаласы – 4 балл;
- Чунджа ауылы – 3 балл;
- Текелі – 3;
- Қырғызсай ауылы – 2 балл;
- Қарабұлақ кенті – 2 балл;
- Жансүгіров ауылы – 2 балл;
- Көкпек ауылы – 2 балл;
- Сарқант қаласы – 2 балл;
- Талдықорған қаласы – 2 балл.