Оңтүстікте жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін барады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 26-28 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Синоптиктер алдағы 3 тәулікте республиканың басым бөлігінде ауқымды антициклон болатынын мәлімдеді. Соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Тек еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстіктің таулы аймақтарында жауын-шашын, көктайғақ болады.
28 қарашада күндіз еліміздің солтүстігінде және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуі әсерінен жауын-шашын болжанып отыр.
Республика бойынша тұман болып, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Қазақстанның оңтүстігінде жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін барады.
Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды.