Тасымалдаушылар сапарын алдын ала жоспарлауға тиіс
Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы «Тажен» өткізу пунктінде 400-ден астам жүк көлігі кептелісте тұр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қазір «Тажен» өткізу пунктінде 400-ден астам жүк көлігі бар. Олар Қазақстанға өту үшін кезекте тұр. Көлік ағынының артуына Өзбекстандағы «Даут-Ата – Қонырат» (400 шақырым) автожолының ашылуы себеп болды. Осыған байланысты шекарадан өтетін жүк көліктерінің саны артты, - деп жазылған Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хабарламада.
Өткізу пункті тәулігіне бір бағытта 150 жүк көлігін өткізе алады. Алайда қазір «Тажен» пунктінде жөндеу жұмысының жүргізілуіне қарамастан нысан 200-250 жүк көлігін өткізе қауқарлы.
Осыған байланысты МКК тасымалдаушыларды шекарада ұзақ тұрмас үшін сапарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.