Ол Венгрия мен Аустрияны фашистік Германиядан азат етті
Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Изюмников 100 жасқа толды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ғасыр құрдасына Премьер-министр Олжас Бектеновтің құттықтауын Алматы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков пен ардагерлер кеңесі берді.
Айта кетейік, Виктор Изюмников 1924 жылы туып, 1942 жылы 17 жасында майданға аттанған. Ол Әуе-десанттық күштерде қызмет етті, Венгрияда, Аустрияда, Венаны және тағы басқа қалалардағы шайқасқа қатысты. Соғыстан кейін ол агроном болып жұмыс істеді.
Виктор Изюмников – Қазақстанның еңбек сіңірген агрономы, экономика ғылымдарының кандидаты, Жоғарғы Кеңестің депутаты, Қазақсан компартиясы ОК мүшесі болды.