27 қарашада Ресей президенті Астанаға келеді
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі
Биыл 27 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.
Қос елдің мемлекет басшылары ХХ өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимінде қатысады.
28 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді.
Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.