Halyq Uni логотип
×

Ұлытау облысында тұтынушылардың құқығы қалай қорғалып жатыр

Өңірде 35 азық-түлік өнімнің сынамасы сатылып алынған

 Халық үні 05.11.2024 | 16:40
Ұлытау облысында тұтынушылардың құқығы қалай қорғалып жатыр
фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Ұлытау облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықпен ақпараттық-ағартушылық жұмыстың қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Дәулетбаев пен  «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Назерке Жарылқасынова қатысты. Олар ақпараттық қызметтер көрсету арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықпен ақпараттық-ағартушылық жұмыс бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүргізу қорытындысын жариялады.  

Бүгінде Ұлытау облысында импорттық өндірістегі тамақ өнімдерінің түрі көп. Оның ішінде: сүт, ет, кондитерлік өнімдері, жартылай фабрикаттар, балалар тағамы және т. б.  бар. Алайда импорттық өндіріс тауарларының көптігі, импорттық өнімнің пайдасына тұтынушының таңдауы отандық өндіріске кедергі келтіретін факторлар болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі 2023 жылы «Сапалы өнім» жобасын бастады.

Оның міндеті - тұтынушыларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес секторды, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қоғамдастықтың өкілдерін отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қауіпті және сапасыз өнімдерден қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жалпыұлттық мүдделерді іске асыруға тарту, сондай-ақ парасатты бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасау.

 Сондай-ақ аталған жобаны іске асыру мақсатында Сауда және интеграция министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Ақпараттық қызметтер көрсету арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықпен ақпараттық-ағартушылық жұмыс» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша конкурс жариялады. Байқау жеңімпазы болып «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі анылды.

Жобаның міндеті – аккредиттелген ұйымдар арқылы зерттелген әр өңірден кем дегенде 15 бірліктен кем емес зерттеулердің нәтижелері туралы объективті де сенімді ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратып, Қазақстандағы тұтынушыларға сатылатын өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету, - деді Назерке Жарылқасынова.

Оның айтуынша, жоба бойынша міндетті орындау және мақсатқа жету үшін қызмет көрсетуші Қазақстанның бірқатар облысы мен республикалық маңызы бар қалаларында аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларымен бірлесіп көптеген жұмыстар атқарды. ​

20 аумақтық бірлікте азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлардың үлгілері сатылып алынды, оларды таңдау жеке тұлғалармен жасырын сатып алу әдісімен жүзеге асырылды. Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен келісім жасалды. Нәтижесінде Ұлытау облысында барлығы 35 азық-түлік өнімдерінің сынамасы сатылып алынды. Көбісінде  тұтынушылардың құқықтары бұзылған-, деп қорытындылады қоғамдық бірлестігінің өкілі.

Облыстық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, биыл департаментке тұтынушылардың құқығы бұзылуына қатысты 385 өтініш түскен. Аталған көрсеткіштер бір жағынан тұтынушының таңдау деңгейінің артуын білдірсе, екінші жағынан кәсіпкерлік қызметтің өскенін көрсетеді. 175 шағым жедел желі және телеграмм бот арқылы, 175-і Е-өтініш порталы арқылы, ал қалған 35 азаматтарды қабылдау кезінде айтылған.а

Айта кетейік, қазір шағымды e-tutynyshy сайтында тіркелу арқылы немесе е-otinish.kz ақпараттық жүйесі арқылы беруге болады. e-tutynyshy сайтында кәсіпкерлік субъектілеріне қолжетімділік беріледі, шағым мен проблемалық мәселелер сипатталады және тікелей тұтынушыға жіберіледі. Бүшінде е-otinish.kz және Smart QR жүйесімен интеграция жүргізілді, платформаның мобильді нұсқасы әзірленді. Жобаның мақсаты – электрондық форматта өтініш беруді оңайлату, сондай-ақ тұтынушылардан бизнес өкілдеріне өтініштерді қабылдау, әртүрлі кезеңдерде өтініштерді шешу, салалар мен дау-дамай объектілері бөлінісінде тұтынушылардың шағымдарын қадағалау, талдамалық деректерді қалыптастыру және азаматтардың тыныс-тіршілігінің барлық салаларында мемлекеттік органдардың проблемалық мәселелерді анықтау үшін жүйені құру.

Департамент электрондық шот фактураларға талдау жүргізіліп, облыс бойынша азық-түлік бағаларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссия әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарына сауда үстемесінің мөлшерін негізсіз арттырғаны анықталды. Нәтижесінде 235 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды Әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларына заң бұзушылықтардың басым бөлігі сүзбе, күнбағыс майы, жұмыртқа, тауық еті, қант және макарон өнімдеріне анықталған. Бұған қоса департамент жеке, заңды тұлғалардың өтініштері бойынша барлығы 22 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оның ішінде 12 өтініш бойынша бұзушылық фактілері расталды, айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама