Осы аптада елордада маңызды жиын жоспарланған
ҚР Мемлекеттік күзет қызметі астана тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Шетел мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізу және оған әзірлік аясында, 2024 жылдың 27-28 қараша күндері елорда көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады.Әзірлік шараларында ҚР арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау және Қарулы Күштер ресурстарын, оның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалану көзделген, - делінген мемкүзет таратқан ақапатта.
Сонымен қатар 27 қарашада Астана аспанында ҚР Қорғаныс министрлігі майдан авиациясының ұшуы жоспарланғанын атап өтті.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деді ведомство.