Мені күткендеріңіз, сағынғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін, - деді ол
«Жұлдызды жұп» жобасына қатысып жатқан әнші Алмас Кішкенбаев біраз жыл өтсе де өзін ұмытпаған көрерменге алғысын білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Осы орайда ол өзінің үлкен сахнаға қайта оралғанын мәлім етті.
Менің сахнаға оралуым дәл осындай болса екен деп ойлайтынмын. Құрметті көрермен, мен сахнадамын. Мені күткендеріңіз, сағынғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Мен де сіздерді қатты сағындым, - деді Алмас Кішкенбаев.
Сөйтіп, ол жоба финалына шыққан әнші Татия Кобаладземен бірге «Керексің» әнін шырқады.