ҚазМұнайГаз бен Татнефть Атырау облысында бірлескен жұмысқа кірісті
ҚМГ басшылығы бұл жұмысты елдің ресурстық базасын нығайтуға жасалған маңызды қадам деп атады
ҚазМұнайГаз бенТатнефть Қаратон Подсолевой учаскесінде бірлескен жұмысты бастады, деп хабарлайды Halyq Uni.
ҚМГ ақпаратына сәйкес, тереңдігі 5500 метр алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға кірісті.
Қаратон Подсолевой учаскесінде алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауды бастау — Қазақстанның ресурстық базасын нығайтуға жасалған маңызды қадам. Бұл жоба біздің қор көлемін ұлғайту және жер қойнауының күрделі учаскелерін игеруге бағытталған стратегиялық міндеттерімізге сай келеді. Татнефть компаниясымен бірлескен күш-жігеріміз нәтижелі болып, еліміздің мұнай-газ саласындағы әлеуетін арттыруға үлес қосатынына сенімдіміз, – дейді «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов.
Айта кетейік, Қаратон Подсолевой учаскесі Теңіз ірі кен орны мен «Ембімұнайгаз» компаниясының кен орындарына жақын орналасқан.