Қайғылы жағдай 23 қарашада болған
Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші қаза тапты. Ақпаратты Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Halyq Uni.
23 қарашада Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші күзет қызметін атқару кезінде бекітілген қарудан оқ атып, өз-өзіне қол жұмсады, - делінген ақпаратта.
Осы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Іске қатысты басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.