Елдің оңтүстік жартысында жел күшейеді
Қазгидромет болжамына сәйкес, 24 қарашада елдің басым бөлігі жауын-шашын жаумайды.
Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, елдің оңтүстік жартысында жел күшейеді. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.
Түркістан облысының тау асуларында, солтүстік-шығыста, Жамбыл облысының таулы аудандарында 30 м/с және одан да қатты жылдамдықпен жел соғады.
ІРІ ҚАЛАЛАРДАҒЫ АУА РАЙЫ
Елордада күн ашық, ауа температурасы -1-3 °C көрсетеді. Жел жылдамдығы 2-7м/с болады.
Алматыда бүгін күн ашық, +5+7 °C жылы болады. Күндіз күндіз екпіні 8м/с жетеді.
Шымкентте де күн ашық болады. Ауа температурасы +11+13 °C көрсетеді.