Halyq Uni логотип
×

Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарынан тиімсіз нормалар анықталды

Бірқатар құжатқа өзгертулер енгізіледі

 Динара Амантай 23.11.2024 | 16:16
Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарынан тиімсіз нормалар анықталды
Фото: Halyq Uni

Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес, ведомство басшысының әскери қызмет өткеру мәселелерін регламенттейтін нормативтік бұйрықтарына құқықтық мониторинг жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша тиімсіз іске асырылатын құқықтық нормалар анықталды.

Анықталған кемшіліктерді жою үшін тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын жоюға бағытталған «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 1247 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасы әзірленді, – делінген министрлік хабарламасында.

Құжат жобасы Ашық НҚА порталында 5 желтоқсанға дейін қоғам талқысына ұсынылды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама