Қазақстандық аграрлық ЖОО-лар Ресей университеттерімен ынтымақтастықты күшейтеді

Динара Амантай

РФ делегациясына отандық селекциялық жұмыс нәтижелері көрсетілді

Фото: АШМ баспасөз қызметі

Қазақстандық аграрлық жоғары оқу орындары Ресей университеттерімен ынтымақтастықты күшейтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

АШМ ақпаратына сәйкес, Қазақстанға жұмыс сапары барысында РФ Ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лут аграрлық ғылымның дамуымен және ҚР агроөнеркәсіптік кешеніне кадрлар даярлау жұмысымен танысты.

Делегация мүшелеріне А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының қызметімен ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдабек Сапаров таныстырды. Онда оларға қазақстандық астық шаруашылығының тарихы мен жетістіктерімен, қазақстандық ғалымдардың селекциялық жұмысының нәтижелері көрсетіліп, Орталық жұмысы Ресей тарапының қызығушылығын арттырды.

Содан кейін Ресей делегациясының мүшелері Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде болды. Ол Ресейдің 28 ғылыми және білім беру мекемелерімен, соның ішінде Сібір Мемлекеттік Геодезиялық Академиясы және Урал мемлекеттік аграрлық университетімен белсенді жұмыс істейді. ЖОО студенттері өз жобаларын таныстырды. Қонақтар ЖОО-ның материалдық-техникалық базасын, сондай-ақ зертханаларды тамашалады.

Айта кетсек, бүгінде ресейлік аграрлық жоғары оқу орындарында Қазақстаннан 64 студент, Ресейден 44 студент оқиды. Бұл екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы білім беру ынтымақтастығына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.