Halyq Uni логотип
×

Абай облысында қазандық жарылды: полиция тергеу жүргізіп жатыр

Материалдар уәкілетті органға жіберілді

 Динара Амантай 23.11.2024 | 10:03
Абай облысында қазандық жарылды: полиция тергеу жүргізіп жатыр
Фото: Halyq Uni

Абай облысындағы мектеп қазандығының жарылуына байланысты жергілікті полиция тергеу бастады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Осы фактіге қатысты еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша алдын ала тергеу басталды. Материалдар арнайы тергеу жүргізу үшін уәкілетті органға жіберілді, – деді Үржар аудандық полиция бөлімі ЖПҚБ бастығы Мұхтар Құрманғалиев.

Тергеу барысы Абай облысы ПД басшылығының бақылауында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Үржар ауданында мектеп қазандығы жарылып, жұмысшы зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз.
 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама