Halyq Uni логотип
×

Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Тұман, көктайғақ

 Халық үні 23.11.2024 | 08:50
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
фото: budakosh.by

23 қарашада еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Қарағанды облысының солтүстігіне, шығысына тұман түседі.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Астанада кей уақытта тұман.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан облысында шығыстан жел соғады, солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні – 23-28 м/с, тау асуларында – 30 м/с және одан аса болады.

Шымкентте шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20, кей уақытта 23 м/с-ке жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының шығысына, оңтүстігіне тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігіне, шығысына тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысына, солтүстігіне, оңтүстігіне тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ.

Алматыда түнде тұман, жолдарда көктайғақ болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама