Бұған дейін елімізде биыл тағы 78 ауыл жабылып тынған болатын
Биыл Ақтөбе облысынан – 1 және Түркістан облысындағы 4 ауылды жабу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатқа сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі мен облыстық мәслихаттың шешімімен Ойыл ауданына қарасты Ойыл ауылдық округінде орналасқан Екпетал ауылы таратылады.
Жалпы көлемі 3 536 гектарды қамтитын таратылған ауылдың аумағы Ойыл ауылының құрамына енгізіледі. Осыған байланысты Ойыл ауылының шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 34 650 гектарға жетті.
Құжат 6 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Сондай-ақ Түркістан облысының әкімдігі мен облыстық мәслихаттың шешімімен Созақ өңіріндегі бірнеше елді мекенді жою туралы шешім қабылданды.
Олар:
Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде биыл тағы 78 ауылдың жабылып тынғанын жазған едік. Оның сыртында Солтүстік Қазақстан облысында тұрақты халқы 50 адамнан кем 45 ауыл таратылатын болды.