Ауыл имамы зейнеткерді қажылыққа жіберемін деп 3 мың долларын иемденіп алған
ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілі ақсақалдан және оның туыстарынан кешірім сұрады
Жамбыл облысында «Танта баба» мешітінің имамы зейнеткерден қомақты қаражат алып, қайтармай кеткен, деп хабарлайды Halyq Uni.
Әлеуметтік желіде имамның зейнеткерді қажылыққа жіберуге уәде беріп, алдын ала алған 3 мың долларын қайтармай қойғаны туралы ақпарат тарады. Осылайша, ол зейнеткерді қажылық сапарға жібермеген.
Orda.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасына, прокуратураға және ҚМДБ-ның облыстық филиалына түсінік беру туралы хат жазған.
Прокуратураның мәліметінше, бұл іс бойынша арыз жазылып, ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Ал ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілі ақсақалдан және оның туыстарынан кешірім сұрады.
21 қарашада имамның қаражатты толық көлемде қайтарғаны белгілі болды.