Halyq Uni логотип
×

«ҚазТрансГаз Аймақ» Шымкент қалалық филиалында заң бұзушылық фактісі анықталды

Компанияның өндірістік филиалына жоспардан тыс тексеру жүргізілді

«ҚазТрансГаз Аймақ» Шымкент қалалық филиалында заң бұзушылық фактісі анықталды
көрнекі фото: ktga.kz

Табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оған филиал жұмысына қатысты 4 азаматтан келіп түскен өтініш себеп болған.

Тексеріс барысында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалының берілген техникалық шарттарға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарында реттеліп көрсетілетін қызмет іс жүзінде іске қосылмағаны анықталған. Бұл - «Табиғи монополиялар туралы» заңның 24 және 26-баптарын өрескел бұзу.

Осыған байланысты департамент «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, ҚР заңнамасының нормаларын бұзушылықтарды дереу жою туралы нұсқама енгізілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама