Halyq Uni логотип
×

Қызылорда облысында заңсыз сот актілерінің күші жойылды

15 әкімшілік іс негізсіз тоқтатылған

 Динара Амантай 22.11.2024 | 16:52
Қызылорда облысында заңсыз сот актілерінің күші жойылды
Фото: Halyq Uni

Қызылорда облысының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде 28 заңсыз сот актісінің күші жойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес, биыл жергілікті соттар 15 әкімшілік істі негізсіз тоқтатып, 13 әкімшілік іс бойынша ӘҚБтК-тің санкциясында көзделмеген заңсыз төмен жаза тағайындаған, ал 2 іс бойынша жауаптылықтан негізсіз босатқан.

Сонымен қатар соттар масаң күйде көлік басқарған 3 адамды жауаптылықтан босатқаны анықталып, прокурордың апелляциялық өтінішхаты негізінде кінәлілерге тиісті жаза тағайындалды.

Мысалы, биыл 19 шілдеде масаң күйде көлік басқарған құқықбұзушы бөтен адамның автокөлігін айдап кетіп, жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға болған жерден бой тасалаған. Шиелі аудандық сотының 18 қыркүйектегі қаулысымен масаң күйде көлік басқарған адам жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан негізсіз босатылған, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бұл ретте облыстық прокуратураның апелляциялық өтінішхаты нәтижесінде кінәлі азаматқа 20 тәулікке қамаққа алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама