Halyq Uni логотип
×

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі өмірден өтті

Қаралы хабарды қызы Құралай Нұрқаділова жеткізді

 Қымбат Елтайқызы 22.11.2024 | 11:40
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі өмірден өтті
фото: instagram.com/kuralaiofficial

Марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрқаділова Нұрбике Ілімбайқызы қайтыс болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бүгін түнде еліміз үшін маңызды тұлға дүниеден озды. Ол – Заманбек Нұрқаділов тұлға ретінде қалыптасқан жылдары оның серігі болған әйел. Ақылды, білімді және саяси сауатты Нұрбике Ілімбайқызы өте қарапайым әрі зиялы адам еді. Ол туралы көп айта беруге болады. Осы жылдар бойы үнсіз болса да, ол Кеңес Одағы кезіндегі және одан кейінгі ел туралы көп нәрсе айта алар еді. Көп жас саясаткер одан кеңес алатын. Ол барлық тарихи деректі есте сақтайтын, бұны өте қызық етіп әңгімелеп беретін. Анамды білетіндердің бәрі оның даналығына тамсанатын. Иманды бол, анашым, қолымнан келгеннің бәрін істедім!, – деп жазды Құралай Нұрқаділова әлеуметтік желідегі парағында.

Бұған дейін марқұм саясаткердің қызы жақында әкесіне арналған ескерткіш оның туған жерінде ашылатынын хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама