Делдал мен тағы бірнеше адам да жазаланды
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық соты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Антикор мәліметінше, ол локомотив депосының кадрлар жөніндегі делдал-менеджері арқылы адамды «тепловоз машинисінің көмекшісі» лауазымына орналастыру үшін 1,5 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сол үкіммен делдал 1 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылып, пара берген адам және оның көмекшісі 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.