22 қарашада 19 өңірде ауа райы қолайсыз болады

Халық үні

Астанада түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі

фото: Halyq Uni

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 22 қарашада Қазақстанның 19 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші – 15-20 м/с.

Шымкентте түнде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 22-24 қарашада облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарына тұман түcеді. 22-24 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні – 23-28 м/с. 

Қостанай облысының солтүстігіне, шығысына, оңтүстігіне тұман түседі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Абай облысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақытта қалың қар күтіледі. Бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең шығысына тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың батысында, солтүстігінде – 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының шығысына, оңтүстігіне тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында кей уақытта екпіні – 18 м/с.

Алматыда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. 

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. 

Ұлытау облысының солтүстігіне, шығысына, орталығына тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігіне, оңтүстігіне тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде оңтүстік-шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысына, солтүстігіне, оңтүстігіне тұман түсуге тиіс. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні – 15-20 м/с.