Ұлытау облысында 172 мың гектардан астам жер қайтарылды

Динара Амантай

Комитет жоспардан тыс тексеру жүргізді

Фото: АШМ баспасөз қызметі

Жер ресурстарын басқару комитеті биыл Ұлытау облысы бойынша жалпы ауданы 170 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес, жалпы ауданы 172 мың 526 гектар учаскелер, оның ішінде егістік – 92 032 гектар, жайылым – 78 766 гектар, өзге жерлер – 1 728 гектар.

Бұдан басқа, биыл Жер ресурстарын басқару департаментінің қызметкерлері облыс аумағында жер қатынастары саласында жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды іске асыру мақсатында жоспардан тыс тексерулер жүргізді.

Олардың қорытындысы бойынша айыппұлдар салынып, мемлекет кірісіне 6,1 млн теңге өндірілді.