Halyq Uni логотип
×

Павлодарда қылмыстық топ кәсіпорындарда рейдерлікпен айналысқан

Меншік иелеріне келтірілген залал 1 миллиард теңгеден асты

 Динара Амантай 21.11.2024 | 17:28
Павлодарда қылмыстық топ кәсіпорындарда рейдерлікпен айналысқан
Фото: Halyq Uni

Павлодар облысының прокуратурасы өңірдегі кәсіпорындардың бірінде қылмыстық топтың рейдерлік әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес, қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы кәсіпкерлерді қорқытып, құжаттарды бұрмалау арқылы олардың мүлкін тартып алумен айналысқан. Меншік иелерінің кәсіпорынға кіруіне шектеу қойып, мекемелер үшінші адамдардың атына тіркеліп, кейін ол мүлік сатылған.

Меншік иелеріне келтірілген залал 1 миллиард теңгеден асты.

Соттың санкциясымен қылмыстық іс бойынша қатысқан адамдардың мүлкі тәркіленіп, негізгі күдікті қамауға алынды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Ұсталғандардың қылмыстық әрекетінің басқа фактілері бойынша 5 сотқа дейінгі тергеу қайта жалғасты.

Қазір Экономикалық тергеу басқармасымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама