Halyq Uni логотип
×

Қазақстан мен Ресей мұнай жеткізу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ұзартады

Тиісті құжат қоғам талқысына ұсынылды

 Динара Амантай 21.11.2024 | 15:48
Қазақстан мен Ресей мұнай жеткізу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ұзартады
Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан мен Ресей мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы ынтымақтастықты жалғастырады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес, қазір Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасында жасалған 2010 жылдың 9 желтоқсанындағы Қазақстанға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің қолданылуын 2024 жылғы 1 қаңтардан 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту (қайта бастау) рәсімдері жүргізіліп жатыр.

Мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу туралы келісім аясында бажсыз жеткізу жағдайында ресейлік мұнай өнімдерін импорттау мүмкіндігі бар, – делінген Энергетика министрлігі хабарламасында.

Осыған байланысты келісімнің қолданылуын қайта бастау туралы хаттамаға қол қоюға Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының тиісті жобасы дайындалды.

Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында 5 желтоқсанға дейін қоғам талықсына ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама