Halyq Uni логотип
×

Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу: 9 істің бесеуі бойынша тергеу аяқталды

Министр секс-құлдықта болған оқушының ісі туралы айтты

 Дәурен Ерболат 21.11.2024 | 13:57
Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу: 9 істің бесеуі бойынша тергеу аяқталды
Фото: Halyq Uni

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қызылордада секс-құлдықта болған оқушы қыздың ісі қалай тергеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бұл іс бойынша күдікті 13 адамның саны өзгермеді. 9 қылмыстық істің бесеуі  бойынша тергеу аяқталды. Өндірісте тағы бірнеше іс бар. Ол аяқталған соң сот нүкте қойылады, - деді Ержан Сәденов.

Бұған дейін бұл қылмыстық іс бойынша сот алғаш рет шешім шығарғаны хабарланған. Сенатор Марат Қожаев секс-құлдықта болған оқушы қыздың ісі бойынша соңғы шешімді сот қабылдайтынын, эмоцияға берілудің қажеті жоқ екенін айтқан. Аталған қылмыстық іс бойынша 11 күдікті қамауға алынған. Еске салайық, Қызылорда қаласында оқушылар 16 жастағы сыныптасын күштеп, жөзекшелікпен айналысыға мәжбүрлеген. Бұл дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама