Іске қатысы бар күдіктілер заң алдында жауап береді
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Biz birgemiz қорының жетекшісі Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Мен онымен (Перизат Қайратпен) жақын таныс болмадым. Көптеген іс-шараға барамын. Апта сайын бірқатар іс-шара өтеді. Ол
кейбір іс-шарада болуы мүмкін. Онымен (Перизат Қайратпен) жақын байланыста болмадым, – деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Төраға тергеудің нәтижесін күту керек деген пікірде.
Тергеу қорытындысы бойынша барлық ақпарат халыққа хабарланады. Адамдардың кінәсі дәлелденсе, сот тиісті шешімді шығарып, заң бойынша қатаң жазаланады. Тергеу әділ әрі тиянақты өтетініне ешкімнің күмәні болмауы керек. (Іске қатысы бар) адамдар тиісті жазасын алады, – деді ол.
Еске салайық, Biz birgemiz қорының жетекшісі Перизат Қайратқа 1,5 млрд теңге жымқырды деген айып тағылып отыр. Ол 2 айға қамауға алынды.
Бұған дейін AMANAT партиясы да бұл іске қатысты пікір білдірген болатын.