СҚО-да пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды

Динара Амантай

Учаскелердің кадастрлық құны 1 млрд теңгеге жуықтайды

Фото: Halyq Uni

Солтүстік Қазақстан облысында ауылшаруашылығына арналған жерлер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыс прокуратурасы ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері қадағалау органы кадастрлық құны 932 млн теңге болатын, ал жалпы ауданы 49 мың гектардан асатын жерлерді мемлекетке қайтарған.

Ақжар, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 42 жер телімін мақсатына сай пайдаланбаған, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жоғарыда аталған учаскелер мемлекетке қайтарылып, қазір заңды экономикалық айналымға тартылып жатыр.