Halyq Uni логотип
×

«Шайн мускат» жүзімінде ағзаға зиянды заттар жоқ – АШМ

Өнімдегі нитраттар да рұқсат етілген мөлшерден аспайды

 Динара Амантай 21.11.2024 | 11:01
«Шайн мускат» жүзімінде ағзаға зиянды заттар жоқ – АШМ
Фото: АШМ баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Шайн мускат» жүзімінде ағзаға кері әсері бар зиянкес анықталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді. Оның қорытындысына сәйкес, жүзімде карантиндік зиянкестер табылмаған.

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) «Shine Muscat» нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізді. Оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл – осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш, – делінген министрлік хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров елімізде үлкен сұранысқа ие Shine Muscat корей жүзімінің сапасы тексерілетінін айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама