Бірнеше брокерге айыппұл салынды
Биыл 18 қарашада Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында қалалық орталық кеден зертханасы басшысы А.Сатыбалдиев пен бас маман Б.Әлібековке сот үкімі шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Антикор мәліметінше, олар кәсіпкерлердің өкілдерінен кеден сарапшыларының қорытындыларын жеделдетіп бергені үшін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылған.
Сатыбалдиев пен Әлібековке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде лауазымды қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сол үкіммен кеден брокерлері В. Николас, С. Казанцева және С. Гаруниге аталған лауазымды адамдарға пара бергені үшін айыппұл салынды, – делінген хабарламада.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.