ШҚО-да жарылғыш зат тиелген жүк көлігінің сау тамтығы қалмады (ВИДЕО)
Төтенше жағдай облыс орталығынан 75 шақырым жерде болған
Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда жарылғыш зат тиелген жүк көлігі жарылып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Halyq Uni Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Нақты айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Өскемен-Самара тасжолында жарылғыш зат тиелген жүк көлігінің сау тамтығы қалмаған.
Төтенше жағдай облыс орталығынан 75 шақырым жерде болған. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, «Вольво» жүк көлігі Самара облысында тау-кен жұмыстарын жүргізуге арналған жарылғыш заттарды тасымалдаған.
Жарылыс салдарынан салондағы жүргізуші мен жолаушы қаза тапты.
Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау бойынша барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Куәгерлердің айтуынша, жарылыс жолда кратер жасап, өтіп бара жатқан бірнеше көлікті зақымдаған. Кейбір мәліметке қарағанда, жарылғыш заты бар жүк көлігі Industrial Explosivers ЖШС-не тиесілі көрінеді.