Газа секторында 44 мыңнан аса адам қырылып қалды

Халық үні

Әр сағат сайын 15 адамнан қаза тапқан

фото: kulebaki.ru

Израильдің 2023 жылғы 7 қарашада жасаған соққысынан бері Газа секторында қаза тапқандардың саны 44 630 адамға жеткен. Оның ішінде 16 765 бала бар, деп мәлім етті Палестина үкіметі.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, басып алынған Батыс жағалаудағы соңғы мәліметтер мынадай:

  • Қаза тапқандар кемінде – 784 адам, оның 167-сі – бала;
  • Жарақат алғандардың саны 6 250-ден асады.

БҰҰ Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және Палестина Үкіметінің 10 қарашадағы соңғы мәліметіне сүйенсек, Израиль әскері шабуылынан коммерциялық нысандардың 80 пайызы, мектеп ғимараттарының 87 пайызы зардап шеккен.

Қазір елдегі 36 аурухананың 17-сі жұмыс істеп, жол желілерінің 68 пайызы және егіннің 68 пайызы іске асып тұр.

2023 жылдың 7 қарашасынан бері Газада әр сағат сайын 15 адам қаза тапқан. Жалпы, елге 42 бомба тасталып, 12 ғимарат қираған.