Halyq Uni логотип
×

Президент мемлекеттік сапармен Мажарстанға барды

Ол Мажарстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр

 Халық үні 19.11.2024 | 22:55
Президент мемлекеттік сапармен Мажарстанға барды
фото: akorda.kz

19 қарашада кешқұрым Будапешт әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан қарсы алды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сапар аясында мемлекет басшысы Мажарстан президенті Тамаш Шуйокпен және премьер-министр Виктор Орбанмен келіссөз жүргізіп, екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту перспективасын талқылайды, – деп жазды Ақорда баспасөз қызметі.

Сонымен қатар президент Мажарстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін мемлекет басшысы ресми сапармен Сербияға барған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама