Ауа райы: синоптиктер 20 қарашада 13 өңірге ескерту жариялады

Халық үні

Астанаға түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі

фото: culture.ru

Синоптиктер 20 қарашаға қатысты еліміздің 13 өңіріне ескерту жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қаласына да кей уақытта тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде күндіз көктайғақ болады деп күтіледі. Қарағанды қаласында да күндіз көктайғақ болады.

Түнде Ұлытау облысының орталығына, шығысына кей уақытта қатты қар жауады, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігіне, шығысына, оңтүстігіне тұман түседі. Жезқазғанда да түнде қатты қар жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Астанаға түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Қызылорда облысының орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың орталығына, солтүстігіне, оңтүстігіне тұман түседі. Қызылорда қаласында да кей уақытта тұман болады деп күтіледі.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарындағы екпіні – 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысына, оңтүстігіне, солтүстігіне тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Орал қаласына да түнде және таңертең тұман түседі, түнде көктайғақ болатыны болжанады.

Маңғыстау облысының батысына, солтүстігіне, шығысына тұман түседі деп күтіледі.

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігіне, батысына, оңтүстігіне тұман түседі. Қостанай қаласында күндіз көктайғақ, тұман болады.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні – 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с-ке дейін жетеді. Таразда түнде және таңертең кей уақытта найзағай ойнап, тұман түседі, оңтүстік-батыстан жел соғады. Таңертең және күндізгі екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігіне, шығысына тұман түседі. 21 қарашада түнде облыстың солтүстігіне, шығысына қатты қар жауады деп күтіледі. Тәулік бойы күн райы бұрқасындатып, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді. Петропавлда қар бұрқасындатып, көктайғақ болады деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің облыстың таулы аудандарындағы екпіні – 15-20 м/с. Шымкентте де, Түркістанда да түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.