Астанада мемлекеттік нөмірді қолдан жасаған жүргізуші анықталды (ВИДЕО)
Іс сотқа жолданды
Елордада патрульдік полиция мемлекеттік нөмірді қолдан жасаған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Оқиға 17 қарашада Астанадағы Нұрғиса Тілендиев даңғылының бойында болған. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері мемлекеттік нөмірді қолдан жасалған Nissan көлігін тоқтатты. Тексеріс барысында жүргізуші жалған нөмірді типографияда жасатқаны анықталды.
Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Істің материалдары Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.
Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Полиция астаналықтар мен қала қонақтарынан жол жүру ережесін қатаң сақтауды сұрайды.